Алматы облысындағы мектепке Алтынбек Сәрсенбаевтың есімі берілді
Сурет: voxpopuli.kz
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сарыжаз ауылындағы орта мектепке оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлының (Сәрсенбаев) есімі берілді. Мұндай шешімді Алматы облысы мәслихатының депутаттары қабылдады.
— Дауыс беруге 23 депутаттың 20-сы қатысты. Бәр бірауыздан қолдады. Министрлікпен және ономастикалық комиссиямен талқыланды. Мен және облыс әкімі қол қойған қаулыны жолдап жатырмыз, — деді облыстық мәслихаттың хатшысы Дәулет Жарасбаев.
Азаттықтың хабарлауынша, мектепке Алтынбек Сәрсенбайұлының есімін беру туралы ұсыныс Сарыжаз ауылының тұрғындары тарапынан бұрыннан ұсынылған, бірақ шешім жақында ғана қабылданған.
Кеше Сарыжаз ауылында Алтынбек Сәрсенбайұлын еске алу кеші өтті. Еске алуды оның сыныптастары мен ауылдастары ұйымдастырды. Жиынға Сәрсенбайұлының серіктерінің бірі кәсіпкер Болат Әбілов те келген. Ол саясаткердің өлімі объективті түрде тергелмегеніне, істе анықталмаған жағдайлар бар екеніне сенімді.
— Алтынбек нағыз стратег болды. Назарбаев билігінің бірінші он жылдығының соңында-ақ біз президенттің демократияны дамытқысы келмейтініне көз жеткіздік. Біз күрестік. Күш құрылымдары қанша кедергі келтірсе де, Алтынбек ештеңеден қорықпады, — деді Әбілов.
Алтынбек Сәрсенбайұлының әр жылдары журналистикамен айналысқаны, Ақпарат және қоғамдық келісім министрі, ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, Қазақстанның Ресейдегі елшісі болғаны белгілі.
Ал елшілік қызметінен кеткен соң Қазақстанға оралып, оппозицияға өткен. 2006 жылы ол адам қолынан қаза тапты. Қылмысты ұйымдастырушылар ретінде Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиев пен ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Әлнұр Мұсаев аталды. Бірақ осы қылмыс үшін және бірнеше адам өлтіргені үшін ресми түрде ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының жетекшісі Ержан Өтембаев, бұрынғы полицей Рустам Ибрагимов және Арыстанның бірнеше офицері жазаланды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық