Алматы облысында 29 жастағы келіншек алты баланың анасы атанды

cover

Күні кеше Қарасай ауданаралық көпсалалы ауруханасында үшем аман-есен дүниеге келді. Жас босанған ана мен балалары ауруханадан шығарылды.

Осы перзентханада екі ұл, бір қызды дүниеге әкелген Ақмарал Айдар 29 жасында көп балалы ана атанды. Оны үйінде тағы үш баласы күтіп отыр, үлкен ұлы 8 жаста.

Үшемнің үлкені Қаракөз 2460 грамм, Садық 2100 грамм, Сыдық 1820 грамм салмақпен дүниеге келді.

Қарасай ауданаралық көпсалалы ана мен бала ауруханасы директорының орынбасары Индира Қабаева босанған әйелдің жүктілік кезінде қатаң бақылауда болғанын айтты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар