Алматы облысында жасөспірімді өлтірді деген күдікпен тоғыз адам ұсталды
Бір күн бұрын ауылдағы үйлердің бірінің ауласында 17 жасар жасөспірімді атып өлтіру оқиғасынан кейін полиция тоғыз жігітті ұстады.
Оқиға 5 тамыз күні Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйдібек би ауылындағы үйлердің бірінің ауласында болған. Олар зорлық-зомбылықпен өлтіру белгілері бар 17 жастағы жасөспірімнің денесін тапты. Полиция оқиғаға қатысы барлардың барлығы қамауға алынғанын хабарлады.
«Жасөспірімнің өліміне тапаншадан атылған оқ себеп болғаны анықталды. Ал қару ұсталғандардың бірінің әкесіне тиесілі болған. Қазіргі уақытта 9 күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 9,14-тармақтары бойынша аудандық ішкі істер басқармасында тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды», - деді Алматы облысы бойынша ПД бастығы Бауыржан Әленов.
Ол оқиға түнгі 12-лер шамасында болғанын айтты. Қатысушылардың бірі қаруды тартып алған соң, 20-ға жуық жігіт өзара төбелескен. Салдарынан 17 жастағы жасөспірім оқ жарақатын алып, қайтыс болды. Жергілікті тұрғындар барлығы ақша бопсалау кесірінен деп отыр. Бірақ полицейлер төбелес пен кісі өлтіру себептері туралы әзірге түсініктеме берген жоқ.
ПД сот-медициналық сараптама тағайындау арқылы барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын атап өтеді. Басқа қатысушыларға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiның 293 «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық