Алматы облысында жануарлар қалдығы тау болып үйілген
Белсенділер мен депутаттар Алматы облысы Талғар ауданы Дәулет ауылында орналасқан балық ұнын өндіретін зауыт аумағынан үйілген жануарлар қалдығын тапты.
Жануарлардың қалдықтары арнайы қоршауға алынбаған.
Белсенділер мұның қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығы үшін қауіпті екенін алға тартты. Тексеріс кезінде зауыттан өзге де заң бұзушылықтар анықталды. Кәсіпорында жуып-шаятын қазандық жұмыс істеп тұрған, алайда ол арнайы септикпен қамтамасыз етілмеген әрі рұқсаты да болмаған.
Цех жұмысшылары кәсіпорын аумағында қорғаныш костюмі, қолғап және бетперде кимеген. Мәселені Талғар аудандық әкімдігінің қызметкерлері өз бақылауына алды.
«Заң бұзушылықты жою үшін бір апта мерзім берілді. Келесі аптада Алматы облысы Экология департаментінің қызметкерлері зауытта сараптама жүргізеді. Кәсіпорынға айыппұл салынады, қазір Талғар аудандық ветеринарлық стансасына біздің тарапымыздан хат жіберіледі» деді әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық