Алматы облысында зейнеткер өз баласын өлтірмекші болған
Фото: Pixabay
Алматы облысының полицейлері өз ұлын өлтірмек болды деген күдікпен 71 жастағы зейнеткерді ұстады. Қарт жасының ұлғаюына байланысты тергеу кезінде үйқамаққа алынды.
9 наурыз күні Алматыдағы ауруханалардың біріне Талғар ауданы Бесағаш ауылының 44 жастағы тұрғыны пышақ жарақатымен жеткізілген. Белгілі болғандай, жәбірленушіге отбасындағы жанжал кезінде қарт әкесі жарақат cалған. Зардап шегуші әлі де дәрігерлердің қатаң бақылауында.
«71 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бірақ ол кісінің жасы ұлғайғанын және басқа да мән-жайларды, сондай-ақ, зейнеткерге қатысты берілген арызды ескере отырып, «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды» деп хабарлады Талғар аудандық полициясы.
Күдікті өз айғағында ұлына асхана пышағымен шынымен де бірнеше рет пышақ сұққанын мойындады. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық