Алматы облысында зауытта жарылыс болып, бір адам қаза тапты
Фото: Orda.kz
Алматы облысы Байсерке ауылында LGN Metal зауытында жарылыс болып, салдарынан бір адам қаза тапты ал екі адам жараланды, барлығы да Өзбекстан азаматтары, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға 23 қаңтарда Байсерке ауылында болды. Редакцияға келіп түскен фотолар мен видеоларда зардап шеккендердің денелеріндегі жарақаттар анық көрінеді.
Редакция LGN Metal компаниясына хабарласып, жарылыс туралы ақпаратты растауды немесе жоққа шығаруды сұрады. Телефон тұтқасын өздерін компанияның инвесторы деп таныстырған адам көтерді. Ол адвокатпен байланысуды немесе полициядан түсініктеме сұрауды ұсынды. Бұған дейін құқық қорғау органдарына хабарласқан едік. Әңгімелесуші түсініктеме беруден бас тартты. Оның сөздерінен басқарма өкілдерінің ешқайсысы сөйлесуге келіспейтінін, себебі олар орыс тілін білмейтінін түсіндік.
Ашық дереккөздерден ТОО «LGN Metal» алюминийді қайта балқытумен айналысатынын анықтадық. Кәсіпорын директоры – Қытай азаматы Ли Гуй Нян. Ал Egov.kz мәліметі бойынша «LGN Metal» ЖШС таратылған.
«Тарс еткен дыбыс шықты, бірақ өрт болған жоқ. ТЖ желісі бойынша ештеңе тіркелмегендіктен, шұғыл қызмет оқиға орнынан кетіп қалған», – деп хабарлады біздің дереккөз.
Алматы облысының полиция департаменті жарылысты растады.
«Еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан адам өліміне әкелген оқиға бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және толық зерттеу үшін қажетті тергеу амалдары жүргізілуде», деп мәлімдеді департамент.
Қазіргі таңда, тергеу жүргізіліп жатыр. Редакция жағдайды бақылауда ұстайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық