Алматы облысында үш жасөспірім 49 жастағы ер адамды аяусыз соққыға жықты
Алматы облысында кәмелетке толмаған жасөспірімдер ер адамды аяусыз соққыға жықты.
7 наурызда түнде Есік қаласының ауруханасына түрлі дене жарақаттарымен 49 жастағы ер адам жеткізілген. Жәбірленуші Тау Түрген ауылының тұрғыны.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Еңбекшіқазақ ауданы ПБ ювеналды полициясының қатысуымен криминалдық полиция қызметкерлері 49 жастағы ер адамға дене жарақатын салды деген күдікпен 2006, 2007 және 2008 жылы туған үш кәмелетке толмаған азаматтарды анықтап, ұстады. Тергеу әрекеттері кезінде ұсталғандар 6 наурызда сағат 2:00 шамасында Түрген ауылында белгісіз ересек адамға дене жарақатын салғанын мойындады» деп хабарлады Алматы облысы полиция департаменті.
Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді.
«Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды» делінген хабарламада.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық