Алматы облысында тойдың арты адам өлімімен аяқталды
Алматы облысының Ұйғыр ауданында үйлену тойы кезінде төбелес шығып, артынша жас жігіт көз жұмды.
12 желтоқсан орталық аудандық ауруханадан Ұйғыр облыстық полиция басқармасының кезекші бөліміне пышақ жарақатынан қайтыс болған Шарын ауылының 26 жастағы тұрғыны жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті. Аталған факті сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміне «Кісі өлтіру» бабы бойынша тіркелді.
Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы Шарын ауылындағы жергілікті мейрамханада той кезінде қонақтар арасында кикілжің орын алып, оның соңы жанжалға ұласқанын анықтады.
«Нәтижесінде 26 жастағы тұрғын пышақты ауылдасының кеуде тұсынан сұғып алған. Жарақаттан жас жігіт көз жұмған. Қылмыс құралы табылып, заттай айғақ ретінде қылмыстық іс материалдарына енгізілді» деп хабарлады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.
Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктінің айтуынша, ол тойда алкогольді ішімдік ішкен.
«Таныстарының жанжалын көрген ол үнемі өзімен бірге алып жүретін жиналмалы пышағын суырып алып, жанжалдасып жүргендерге қарай бет алған. Жәбірленуші оны тоқтатуға тырысқан. Ол ашуланып, жігіттің жүрегіне пышақ сұғып алған. Күдікті істеген ісіне өкініп отыр» деді полиция.
Тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңінде ұсталғанға екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы ретінде санкция берді. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық