Алматы облысында танымал блогер бас бостандығынан айрылды
Алматы облысында блогер алаяқтық жасап, бопсалағаны үшін 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Соңғы бірнеше айда Еңбекшіқазақ өңірінде тергеу жүргізіліп, сот процесі өткен. Іс материалдарында жауапкер ретінде әлеуметтік желілердегі парақшаларында бірнеше мыңдаған жазылушысы бар Шелек ауылында тұратын жас келіншек тартылған.
Тергеу дәлелдегендей, пандемия кезінде блогер ауылдағы дәмханалардың бірінің әкімшісін бизнеске зиянын тигізетін ақпарат таратамын деп қорқытып, одан ай сайын 20 мың теңгеге жуық ақшаны заңсыз алып отырған.
Еңбекшіқазақ аудандық № 2 сотының қаулысымен сотталушы ҚР ҚК-нің 194-бабы «Бопсалау» және ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша айыпты деп танылып, үкім шығарылды.
Танымал блогер 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды. Дегенмен сотталушының кәмелетке толмаған балалары ескеріліп, жазаны өтеу олар 14 жасқа толғанға дейін кейінге қалдырылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық