Алматы облысында соққыға жығылған мектеп оқушысы ауруханада көз жұмды
Желіде Әймен орта мектебінің 9-сынып оқушысы соққыға жығылғаннан кейін қайтыс болды деген хабарлама пайда болды.
«Оны ұрып-соқты» делінген хабарламада.
Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі 13 наурызда Еңбекшіқазақ аудандық ішкі істер бөліміне жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған ұлының денсаулығына зақым келтірген белгісіз тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрап, арызданғанын хабарлады.
Арыз ҚР Қылмыстық кодексінің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Полицейлер кәмелетке толмаған баланың келесі күні медициналық мекемеде қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады.
«Қазіргі уақытта тергеу оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда, тергеу амалдары жүргізілуде. Мәйітті қарау хаттамасында баланың денесінде зорлық-зомбылықпен өлім белгілерінің жоқтығы анықталды. Өлім себебін анықтауға қажетті сұрақтарды құрастырумен сот-медициналық сараптама тағайындалды» деп түсіндірді ПД.
Қылмыстық іс бойынша соңғы процессуалдық шешім сараптамалық зерттеу аяқталғаннан кейін қабылданады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық