Алматы облысында үш ағайынды төртінші бауырларын өлтірді
Алматы облысында отбасылық жанжалда ағаларын тәрбиелемек болғандар шектен шығып, оны балғамен ұрып өлтірген.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 1 маусымда Еңбекшіқазақ ауданындағы Лепка көлінде күш қолдану арқылы өлімнің анық белгілері бар белгісіз ер адамның мәйітін тапқанын хабарлады. Оның денесі көрпеге оралған, қолдары жіппен байланған.
Полицейлер жәбірленушінің Тұздыбастау ауылында анасы мен інісімен бірге тұратын 39 жастағы тұрғыны екенін анықтады.
Белгілі болғандай, ер адам ішімдік ішіп, жиі отбасылық жанжал шығарған, сол үшін бірнеше рет жауапқа тартылған.
Тәртіп сақшылары кісі өлтірді деген күдікпен жәбірленушінің үш ағайынын ұстады. Алдын ала анықталғандай отбасылық жанжалдардың жиі болуына байланысты оның туыстары 27 мамырда мәселені шешіп, нүктесін қою үшін жиналған.
«Сөйлесу кезінде олардың арасында жанжал туындап, арты төбелеске ұласады. Нәтижесінде үш ағайынды балға мен күректің сабын қолданып, төртіншісін өлгенше ұрып-соққан. Кейін мәйітті көрші ауданға апарып, жағалаудағы көлдің батпағына лақтырып жіберген» деп хабарлады Алматы облысы бойынша полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі (адамдар тобының қатысуымен жасалған кісі өлтіру) бойынша тергелуде. Үш ағайынды да ұсталып, қамауға алынды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық