Алматы облысында салынатын жаңа қалада екі миллион тұрғын болады
Алматы облысында салынады деп жоспарланған жаңа қалада екі миллиондай адам тұратын болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев мәлім етті.
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, Алматы мен Қонаев арасында G4 City жобасын жүзеге асыру қайта қолға алынды.
«Бұл бағыттағы бірінші қадам – «G4 City» қаласы мен Қонаев қаласының бір бөлігін қамтитын арнайы экономикалық аймақ құру. «G4 City» 3,7 триллион теңге инвестиция тартуды жоспарлап отыр. 3,2 трлн теңге салық түсіп, сондай-ақ 34 мың жұмыс орны ашылды», - деді әкім.
Айтпақшы, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «G4 City» қаласын жеке әкімшілік бірлік ретінде құру жұмыстары жүргізілуде.
«Оның аумағы 88 мың гектарды құрайтын 4 аймаққа бөлінген. 2050 жылға қарай онда 2 миллионнан астам адам тұрады деген болжам бар» делінген хабарламада.
Бұған дейін де Алматы облысында тағы бір қала пайда болуы мүмкін екені хабарланған болатын. Алматы облысы Іле ауданындағы Жетіген ауылын облыстық маңызы бар қалаға жатқызу ұсынылды. Алматы облысындағы жаңадан құрылған қалаға «Алатау» атауы берілмек.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық