Алматы облысында пайдаланылмай жатқан 3,25 млн га жер анықталды
Сурет: kazgazeta.kz
2019-2022 жылдар аралығында 3,25 миллион гектар анықталды. Биыл Алматы облысының прокурорлары 310,5 мың гектар жайылымдық жердің мақсатқа сай пайдаланылмай жатқанын анықтады.
Алматы облысында жер заңнамасы саласындағы өзекті мәселенің бірі – мақсат бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерінің болуы, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
«2019-2021 жылдарға және биылғы жылдың өткен кезеңіне қадағалау актілерін қарау қорытындысы бойынша небәрі 360,7 мың гектар жайылым қайтарылды, 1,31 миллион гектар жайылым ауыл шаруашылығы айналымына берілді (яғни, меншік иелері оларды пайдалана бастады). Осылайша, атқарылған жұмыст нәтижесінде пайдаланылмай жатқан жайылымдық жер көлемі 3,2 миллион гектардан 1,75 миллион гектарға қысқартылды, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда» делінген хабарламада.
Прокурорлар 48 қадағалау актісін енгізіп, 49 лауазымды тұлғаны тәртіптік жауапкершілікке тартты, заңсыз берілген 15,9 мың гектар жайылымдық жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Олар 1,18 миллион гектар жерді мал жаюға, тағы 1,7 миллион гектар жайылымдық жерді бекітуді жоспарлап отыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық