Алматы облысында оқушылар арасында төбелес шықты
Алматы облысында мектеп оқушылары арасында төбелес шықты. Бұл оқиғаға қатысты облыстық полицейлер түсініктеме берді.
Әлеуметтік желіде жарияланған ақпаратқа сәйкес, тоғызыншы сыныпта оқитын баланы соққыға жыққан.
«Баланың ата-анасы ұстаздар бұл қылмысты жұртшылықтан жасырғысы келеді деп отыр. Оқушының сыныптастары «Жандос» есімді мектеп оқушысы балалар арасында үрей туғызып жатқанын айтты. Бала 6 желтоқсанға қараған түні Шелек ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді» делінген хабарламада.
Жазба авторы Білім және ғылым министрлігінің басшысы Асхат Аймағамбетов пен Ішкі істер министрлігінің басшысы Ерлан Тұрғымбаевтан шара қолдануды өтінді.
Облыстық полиция департаменті оқиғаның 6 желтоқсанда №1 мектептің жанында орналасқан Еңбекшіқазақ ауданына қарасты «Рахат» саяжай қоғамы аумағында болғанын растады.
«Сағат 13:30-да сабақтан кейін аталған мектептің 10-11-сынып оқушылары арасында туындаған араздық салдарынан төбелес орын алған» деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Осы факті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
«Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады» деп қорытындылады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, департамент қылмыстық істі тергеу аясында материалдар кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссиясына жіберілетінін атап өтті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық