Алматы облысында мас әйел күйеуін пышақтап тастаған
Фото: Ашық дереккөзден
Алматы облысы Қаратал ауданының Үштөбе қаласында мас әйел күйеуімен жанжалдасып қалған. 38 жастағы келіншек 41 жастағы күйеуіне ауыр жарақат салған.
Әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Қаратал ауданы полициясының кезекші бөліміне 41 жастағы ер адамның пышақ жарақатымен ауруханаға түскені хабарланған.
Белгілі болғандай, отбасында жанжал шыққан.
Күдіктінің айтуынша, ол мас болғандықтан, есінде ештеңе қалмаған. Келіншектің есінде тек оның күйеуінің достарына дастархан дайындағаны қалған.
«Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 1-бөлігі кісі өлтіруге оқталу бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиға болған жерді тексеру кезінде табылған асхана пышағы айғақ ретінде қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Медициналық сараптамаға сәйкес, ұсталған кезде күдікті орташа дәрежедегі мас күйінде болған» деді полиция.
Ер адамға күрделі ота жасалып, жансақтау бөліміне жатқызылған. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық