Алматы облысында қоқыс полигонындағы өрт екінші күн қатарынан тоқтамай тұр
Фото: ТЖМ
Алматы облысындағы қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигонда шыққан өртті сөндіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Бүгінгі таңда жеке учаскелерде 10 метр тереңдікке дейін бықсып жанып жатқан жерлер анықталды. Өрт ошақтарын сөндіру үшін инертті материалдар қолданылып, полигон аумағы арнайы соқамен жыртылды.
Сөндіру жұмыстары жеті учаскеде жүргізіліп жатыр. Бағыты қайта-қайта өзгеретін желден өртті өшіру қиындап тұр.
«Өртті сөндіру жұмыстарына Алматы облысы, Алматы қаласы ТЖД, ТЖМ 28237 әскери бөлімі, жергілікті атқарушы органдар, «Қазселденқорғау» және Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің 120-ға жуық адамы мен 60-тан астам техникасы жұмылдырылды» деп жазды ТЖД.
Суды үздіксіз жеткізу үшін Тереңқара өзеніне сорғы көлік орнатылып, диаметрі 77 мм болатын 70 су желісі жүргізілді. Оған 6 техника жұмылдырылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық