Алматы облысында интернеттің нашарлығынан оқу үлгерімі төмендеді
Алматы облысында интернет мәселесі әлі де шешілмей жатыр. Байланыстың нашарлығынан Үштерек ауылының мектеп оқушылары үйге берілген тапсырмаларын мұғалімдерге жібере алмайды. Нәтижесінде бес алып жүрген бала үшке оқи бастаған. Әкімдік мәселені мойындап отырған жоқ. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.
Жергілікті тұрғындар ауылда жақсы интернет ешқашан болмады дейді. Алайда, бұрындары көшеде жүріп ұстауға болатын интернет, бір ай бұрын мүлдем жоғалған.
«Менің немерем Рауан алтыншы сыныпта оқиды. Ол әрдайым оқу озаты болатын. Бірақ биыл оның бағасы үшке түсті. Себебі, бала ұстазына үй тапсырмаларын жібере алмайды. Біз мұғалімдерге түсіндіреміз, бірақ олар түсінгісі келмейді. Немерем таңертеңнен кешке дейін сабақ оқиды», - дейді Үштерек ауылының тұрғыны Айгүл Жақсыбаева.
Көптеген оқушылар мен студенттер екінші жылға қалмас үшін көршілес елді мекендерге желі іздеп баруға мәжбүр.
«Үлкен қызым – студент. Ол Шамалғанға байланыс іздеп кетеді. Мен такси ұстауым керек. Бұл да шығын. Бірақ бұдан басқа жол жоқ. Ол сол жерде үй жұмысын жасап, қайтып келеді», - деді Үштерек ауылының тұрғыны Мұхтар Өмірзақов.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, жергілікті билік тұрғындардың шағымдарына жауап бермейді.
Алматы облысы Әйтей ауылдық округінің әкімі Жарқын Катубаев ауылда интернет бар деп мәлімдеді.
«Интернет бар. 2G және 3G-ді ұстайды. Мен байланыс операторларымен сөйлестім, олар жыл соңына дейін модернизация жүргіземіз деп уәде берді. Содан кейін интернет бойынша ешқандай мәселе болмайды», - деп сендірді ол.
Еске салсақ, Қазақстандағы мектеп оқушыларының көпшілігі коронавирустық пандемияға байланысты қашықтан оқиды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық