Алматы облысында ер адам Өзбекстан азаматын күрекпен ұрып өлтірді
17 қырқүйек күні Алматы облысындағы Ұзынағаш ауылында ер адам өзге ел азаматын күрекпен ұрып, өлімге дейін апарды
Бұл туралы Orda.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
17 қыркүйек күні сағат 05: 00 шамасында Жамбыл АПБ кезекші бөліміне Ұзынағаш ауылының ауруханасынан ер адамның мас күйінде бас сүйек-ми жарақатымен ауруханаға жатқызылғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Кейін оның Қарғалы ауылында уақытша тұратын 42 жастағы Өзбекстан азаматы екені анықталды. Ер адам алған жарақаттарынан қаза тапты. Жарақат алу жағдайларын қарап, жедел уәкілдер алдымен жәбірленушінің жеткізілген жерін анықтады. Содан Қарғалы ауылының 34 жастағы тұрғыны ұсталып, дәлел келтірілгеннен кейін қылмысты мойындады. Күдіктінің айтуынша, ол жәбірленушімен таныс емес. Ортақ танысымен кездескен.
«Екеуі бір литр ішімдік ішкеннен кейін, сөзге келіп қалады. Әрі қарай жанжал ұрысқа айналды. Жанжал барысында ол қарсыласының басына күрекпен үш рет ұрып, қылмыс орнынан қашып кеткен. Аталған факт ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды» делінген хабарламада.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық