Алматы облысында «дінге қайшы» молаларды қиратқан ер адам ұсталды
Фото: бейнеден кадр
Алматы облысы Көлсай көліне жақын орналасқан Саты ауылында зираттарды қиратқан адам ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы журналист Диас Нұрақын әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Жарияланған видеода қабірлердің жанында сынған құлпытастар шашылып жатқаны көрсетілген.
Диас Нұрақынның айтуынша, ер адам бір ауылдың берекесін қашырды.
«Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді. Мұның бәрі тик-ток имамдар мен уағызшылардың кесірі. Ауылдың бір жас тұрғыны зиратты қиратқанын мойындады. Оның айтуынша, бұл — біздің дінімізге қайшы. Құлпытастар қиратылып, жан-жаққа шашылған. Ауыл тұрғындары жақындарының қабірлерінің осылай қорланғанын көріп, ашуға булықты» деп жазды журналист.
Алматы облысының полиция департаменті вандализм фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті ұсталып, тергеу үшін аудандық полиция бөліміне жеткізілді.
«Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізілуде. Әлеуметтік желілерде күдіктінің салафизм діни ағымына қатысы бар деген ақпарат алдын ала тексеру барысында расталмады. Тергеу аяқталғанға дейін расталмаған мәліметтерді таратпауға шақырамыз», деп мәлімдеді полиция департаменті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық