Алматы облысында бір отбасының үш бірдей мүшесі батпаққа батып кетті
Үштөбе тас жолында батпақта аударылып қалған көлік табылды.
Талдықорған – Үштөбе тас жолында жол апаты орын алып, көлік батпаққа төңкеріліп қалған. Көліктің ішінде бір отбасының үш бірдей мүшесі болған: әкесі, анасы және қызы. Олар оқиға орнында мерт болды.
15 қараша полицияға Алматы облысының 27 жастағы тұрғыны жүгінген. Ол туыстарымен байланысқа шыға алмай жатқанын айтқан. Ер адамның айтуынша, оның ата-анасы мен әпкесі 14 қараша күні кешке Алматыдан шығып, Талдықорғанға бет алған. Одан кейін байланысқа шықпаған.
Отбасының жоғалғаны туралы ақпарат түрлі әлеуметтік желілерде жарияланды.
«14 қарашада мемлекеттік нөмірі 167 KSY 05 «Skoda Superb» көлігінде үш адам Алматыдан Үштөбеге жолға шықты. Сағат 19:00-де Талдықорған аркасынан өткеннен кейін олар байланысқа шықпады» делінген желідегі жазбада.
Кейін көліктің батпақтан табылғаны анықталды.
Алматы облысының полиция департаментінде 15 қарашада Қаратал ауданының 27 жастағы тұрғынынан ата-анасы мен әпкесі өзінің Skoda Superb көлігімен жолға шығып, жоғалып кеткені туралы хабарлағанын айтты.
«Сол күні полиция қызметкерлері Талдықорған-Үштөбе тас жолында «Skoda Superb» көлігін тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, 60 жастағы жүргізуші рөлді басқара алмай, көліктің аударылып кетуіне жол берген. Оқиға салдарынан жүргізуші мен оның 47 және 19 жастағы жолаушылары оқиға орнында көз жұмды. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталмыш жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын объективті түрде анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде» деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық