Алматы облысында аштықтан қажыған бала табылды
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев аштықтан қажыған баланың қандай жағдайда өмір сүргенін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
«Біз жағдайды бақылап отырмыз. Ол алғашқы үш жылда кәдімгі бала сияқты дамыған. Кейіннен оның дамуы кешуілдеді. Бүгінде ол емделуде. Біз жұмыс істеп жатырмыз. Әрине, бұл баланың тұрмыс жағдайы өте нашар. Үйдің іші қаңырап, көп мысық ұстағандықтан иісі де мүңкіп тұр. Анасы балаға қарамаған. Ол бейтаныс адамдардан ғана емес, өз анасынанда қорқады. Онымен дәрігерлер мен психологтар жұмыс жүргізуде», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде журналистердің сауалдарына жауабында.
Бұған дейін баланың Іле ауданынан табылғаны хабарланған болатын. Алты жасар бала аштықтан бұратылып, сөйлей алмай, жүре алмай қалған. Ол шұғыл түрде жергілікті ауруханаға жеткізіліп, екі өкпесінің де қабынғаны белгілі болды.
Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және (немесе) оқыту, құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін баланың ата-анасы ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қорғаншылық және қамқоршылық органдары аталған тұлғалардың ата-ана құқықтарын шектеу туралы талаппен сотқа жүгінген.
Облыстық прокуратура осындай балаға дұрыс қарамаған отбасылардан шыққан 15 баланы анықтады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық