Алматы облысында арықтаймын деген әйел көз жұмды
Фото: видеодан скриншот
Құралай атты әйел Алматы қаласындағы пластика хирургиялық емханада іш майын отамен алдыртып, артынша қайтыс болды.
Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
Алматы облысының тұрғыны, Құралай есімді 47 жастағы келіншек 5-6 кг тастап, арықтаймын деп хирургтың көмегіне жүгінеді. Құралай Алматы қаласындағы пластикалық хирургия емханасында іш майын отамен алдыртып, артынан көз жұмды.
Хирургиялық операциядан кейін Құралай Батырханованың жағдайы нашарлап, жекеменшік клиникада жан тапсырды. Марқұмның жақындары болған іске дәрігерлерді кінәлап отыр. Туыстарының сөздерінше, медициналық мекемедегілер отаның соңы өлімге әкелуі мүмкін екенін ескертпеген.
Осылайша, әйел Алматыдағы атағы жер жаратын жекеменшік клиникаға жүгініп, ота арқылы денесіндегі майды алдыруды жөн санапты. Бұл үшін 2 миллион теңге де төлеп, 5 шілдеде ота жасатуға кеткен екен.
«Туған күніме жаңа Құралай болып келемін» деп, қуанып отаға кеткен еді. Мұғалім ғой, «27 шілдеде жұмысқа шығамын, отадан кейін 10-15 күн күтінемін» деп ойлады. Еш күмән болған жоқ, дәрігерге де күмәнданбадық. Клиника клиенттерінің пікірін қарасақ, Алматы бойынша «нөмірі бірінші» орталық екен», – деді марқұмның сіңілісі Сәулет Батырхан.
Әйел сол күні отадан кейін көз жұмған екен. 8 шілдеде туған күнін атап өткісі келген марқұм қуанышына бір тәулік жетпей қайтыс болды. Артында 3 баласы қалды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық