Алматы облысында қаңғыбас ит 9 жасар баланы талап тастады
скриншот
Жамбыл ауданы Ақсеңгір ауылдық округінде қаңғыбас ит 9 жасар баланы талап тастады.
Бала дүкенге нан алуға бара жатқан кезде оны қаңғыбас ит талап кеткен.
«Оқиға 22 сәуір күні сағат 19:00-де болған. Белгісіз қаңғыбас ит 9 жасар Шәріпжан Халифаны талап кеткен. Жедел жәрдем шақырылып, баланы кезекші бөлімде таңып, Алматыдағы №1 балалар ауруханасына жеткізілді. Онымен бірге анасы Мақпал Алманова да ауруханада жатыр. Дәрігерлер баланың жағдайы тұрақты деп мәлімдеді» деді Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы Бақтияр Айталы.
Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы бас дәрігерінің орынбасары Алуа Жексенова қазір баланың жағдайы бірқалыпты екенін айтты. Ол хирургия бөлімінде хаттама бойынша ем қабылдайды. Түскен кезде балаға құтырмаға қарсы вакцина егілген. Қазір оның өмірі мен денсаулығына ештеңе қауіп төндірмейді, деп сендірді дәрігер.
Оның айтуынша, балаға алғашқы медициналық көмек Ұзынағаш қаласындағы ауруханада көрсетілген.
Ақсеңгір ауылдық округінің тұрғындары балаға бірнеше ит шабуылдағанын айтып, биліктен Жамбыл облысы бойынша қаңғыбас жануарларды ұстауды ұйымдастыруды талап етіп отыр. Баланың анасының айтуынша, ол әкімдікке арызданған, бірақ оған олардың болған оқиғаға қатысы жоқ екенін айтқан.
Баланы талаған ит келесі күні ұсталып, Ұзынағаш ауылындағы ветеринарлық пунктке жеткізілген.
Толық ақпарат сілтемеде! Жүрегі нашар адамдарға көруге кеңес берілмейді!
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық