Алматы облысында 30 үйді су басты
Фото: Видеодан кадр
Алматы облысында 30 үйдің ауласын су басып, төтенше жағдайға байланысты жедел штаб құрылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл жағдай бүгін, 6 наурыз күні сағат 08:25 шамасында болған. Ұзынағаш ауылында сүзгі алқаптарының қорғаныс бөгеті бұзылған. Нәтижесінде 30 тұрғын үйдің ауласы су астында қалды.
Оқиға орнына Алматы облысы әкімінің орынбасары Әсет Масабаев пен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы барып, жағдайды өз бақылауына алды.
«Қосымша су басу қаупінің алдын алу және салдарын барынша азайту мақсатында қорғаныс бөгеттерін нығайту, сондай-ақ ағынды суларды тұрғын үйлерден бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Төтенше жағдайдың салдарын жою үшін 5 арнайы техника жұмылдырылып, қосымша тағы 5 техника шақырылды. Жұмысқа 15 маман қатысып жатыр», деп хабарлады әкімдіктегілер.
Жаңалықтар
- Алматы жұртшылығы Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
- Тоқаев: Моңғолиямен ортақ тарих біріктіретін біртұтас тамырланған көшпелі өркениет ұрпағымыз
- Қазақстандағы екінші АЭС Мойынқұм деп аталады
- АҚШ пен Иран арасындағы кезекті келіссөз қашан өтеді?
- Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды
- Мексикадағы пирамида маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
- Иран билігі АҚШ-пен келісімге келу үшін делегация жіберді
- Тим Кук Apple компаниясының бас директоры қызметінен кетеді
- Мұхтар Шаханов қайда жерленетіні белгілі болды
- Залал 2 млрд теңге: Петропавлда көлік өтпежолын салуға бөлінген бюджет қаржысы жымқырылған
- Қазақтың біртуар өршіл ақыны Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
- Астанада төрт тонна қауіпті сұйықтық құйылған 200 канистр табылды
- Ақсу қаласында зауытта жұмысшы қаза тапты
- Меркеде шенеуніктер жетім студенттердің ақысын жеген
- Қазақстан мен Моңғолия геологиялық барлау, мұнай өндіру салаларына заманауи технология енгізу туралы келісті
- Моңғолия президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
- Өскеменнің экс-әкімі Жақсылық Омар апелляциялық шағым түсірді
- Үкіметте тротуармен жүретін самокатшылардың мәселесін шешу тапсырылды
- Дубайда 22 жастағы қазақстандық не үшін өмірбақи сотталып, 300 млн айыппұл арқалады?
- Жапонияда жойқын жер сілкінісі: Цунами қаупі жарияланды