Алматы облысында 20 жастағы жігіттен мефедронның үлкен партиясы табылды
Тінту кезінде жас жігіттің көлігінен есірткі салынған қара полиэтилен пакет табылды
Полицейлер Алматы облысы Қарасай ауданында 20 жастағы алматылық тұрғынның көлігін тоқтатты. Тексеру кезінде олардың назары лентаға оралған байламдары бар қара түсті полиэтилен пакетке түсіп, одан ұнтақ түріндегі зат табылды, деп хабарлайды жергілікті полиция қызметі.
Сот-химиялық сараптамасы анықталған заттың салмағы 9 келі болатын мефедрон екенін көрсетті.
«Аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігінің 1.3-тармақтары (Есірткі құралдарын өткізу, жөнелту немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, психотроптық заттар, олардың аналогтары» делінген полиция хабарламасында.
Күдікті қылмысын мойындады. Енді ол мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Қазір қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық