Алматы облысы: төбеттер мен қасқырлардың күресі видеоға түсіп қалған
Алматы облысында екі төбет ит пен бір үйір қасқырдың күресі видеоға түсіп қалды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Жануарлардың күресі әлеуметтік желіде жарияланып, қызу талқыға түсті. Кадрдан бес-алты қасқырдың екі итті қуып келе жатқанын көруге болады. Видео авторына жақындаған иттер тоқтап, жабайы жыртқыштармен күреседі.
Кейін бұл жағдайға қатысты «Табиғат» аңшылар қауымдастығының вице-президенті Айтуар Туғанбеков түсініктеме берді. Оның айтуынша, жануарларға қатысты бұл оқиға ағымдағы жылдың қараша айының басында, Алматы облысының аумағында, дәлірек айтсақ, Қазақстанның Қытаймен шекарасындағы таулы аймақта болған.
- Бейнежазбаны қойшы түсірген: Бұл шын мәнінде шабуыл емес, иттерді бір-бірінен ажыратып алу үшін жасалған «жалған шабуыл» әдісі. Бейнежазбадан қасқырлардың агрессивті түрде шабуылдамағаны көрінеді. Оның үстіне ол жерде адам болды. Ал қасқырлар өте ақылды жануарлар: адамның көзінше олар ашық шабуыл жасамайды.
- Ал бұл жерде шабуылдың басты нысанасы сиырлар болды. Бірақ қасқырлар оларды иттер қорғап тұрғанын көрді. Сондықтан олар иттерді басқа жаққа алып кеткісі келген. Бұл жабайы жануарлардың тактикасы, - деп түсіндірді ол.
Маман атап өткендей, қасқырлар республика бойынша кең таралған. Бұл жыртқыштарды ату үшін жыл сайын белгілі бір лимит бөлінеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық