Алматы облысы Мәдениет басқармасының басшысы қаржы жымқырды деген күдікке ілінді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы облысы Мәдениет басқармасы басшысының ұсталғанын растады.
Әлия Жақыпбекова қолма-қол ақшаға айналдырып, өз қалауы бойынша пайдаланған бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Orda.kz. тілшісі Антикорға сілтеме жасап.
Облыстық мәдениет басқармасының басшысы 30 сәуірде Іле аудандық тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
«ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге де ақпарат таратуға жатпайды. Конституцияның 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, соттың заңды күшіне енген үкімімен оның қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кінәсі анықталғанға дейін әркім кінәсіз деп танылады», - деп қосты Антикор.
Еске салайық, бұған дейін Orda.kz. тілшісі өз ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, Алматы облысы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері ұстағанын хабарлаған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық