Алматы облысы Іле ауданының экс-әкіміне қатысты іс сотқа жіберілді
Фото: Instagram/ Bagdat.karasaev
Алматы облысы Іле ауданының бұрынғы әкімі Бағдат Қарасаевтың қылмыстық ісі сотқа келіп түсті. Іс қылмыстық кодекстің 7-бабы бойынша қаралады, деп хабарлайды Orda.kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қарасаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Қылмыстық іс Алматы облысының Іле аудандық сотына жіберілді. Бағдат Қарасаевтың үстінен 7-бап бойынша айып тағылды. Олар: сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету, алаяқтық, шаруашылық немесе өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзу, лауазымдық өкілеттікті теріс пайдалану, билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу.
Айта кетейік, Қарасаев 2024 жылдың 4 қыркүйегінде ұсталған. Қарасаевқа бұған дейін «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданған. Ол Іле ауданын 2018 жылдың қыркүйегінен бастап басқарды. Бұл қызметіне дейін Алматы облысы әкімінің кеңесшісі, Талдықорған қаласының әкімі, облыстық әкімдік аппаратын басқарған еді.
Айта кетейік, «Қайсаровский» атты ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелеріне қылмыс әлемінің серкесі Заңғар Хасеновті өлтіруге оқталу ісі бойынша сот үкімі шықты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық