Алматы метросында жаңа электр пойыздары іске қосылды
Фото: total.kz
Тәуелсіздіктің 30 жылдығында тұңғыш президент күні мен Алматы метрополитенінің 10 жылдығы қарсаңында 8 жаңа электр жылжымалы поездары пайдалануға берілді.
– Осыдан он жыл бұрын, 2011 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы тұңғыш әрі жалғыз метрополитенді ашып, алғашқы жолаушы атанды. Содан бері метроның жұмысы бір минут та тоқтаған жоқ, - деп атап өтті Алматы әкімдігі.
Жаңа пойыздардың ұзындығы 77,8 м, максималды техникалық жылдамдығы 90 км/сағ. Температура диапазоны: -35, +40 градус Цельсий. Төрт вагондық пойыздың жолаушылар сыйымдылығы 940 адамды құрайды. Әрбір вагон жылыту, желдету және ауаны баптау жүйесімен, жолаушылар салоны флуоресцентті жарықтандыруымен жабдықталған.
Сондай-ақ ішкі және сыртқы бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Жүргізуші бейнебақылау жүйесінің мониторы арқылы кабинадан көліктердің ішіндегі және сыртындағы жағдайды бақылай алады.
Барлық вагондар жолаушыларға бір вагоннан екінші вагонға қауіпсіз және ыңғайлы өтуін қамтамасыз ететін, аралық есіктері жоқ кең ашық типті вагон аралық өтпелердің көмегімен біріктірілген.
Оңтүстік Кореяның Hyundai Rotem компаниясы шығарған вагондар Алматы метросына арнайы жасалған. Бүгінгі таңда 15 метро пойызы жұмыс істейді. 10 жылдан бері метро өзіне жүктелген міндеттерді орындап, тұрақты жұмыс істеп келеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық