Алматы метросындағы екі бекеттің атауын өзгерту ұсынылды
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Facebook парақшасында қала метрополитенінде салынып жатқан екі бекеттің атауын өзгертуді ұсынды. Олардың біріне Кеңес одағының батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының есімі берілуі мүмкін.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
— Қала күні қарсаңында мәслихатқа қоғамда талқыланып жатқан мәселелерді шешуді ұсындым. Бұл Алматы метрополитенінде салынып жатқан екі стансаның атауын өзгертуге қатысты. «Достық» стансасына Бауыржан Момышұлының есімін беру ұсынылады. Болашақта «Западный» автовокзалы аталуы тиіс стансаға «Қарасай» атауын беру ұсынылды, - деп жазды қала әкімі.
«Достық» бекеті Абай даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысында салынып жатыр. Бұл бекет биылғы жылдың соңында іске қосылуға тиіс. Мұнда екі вестибюль мен алты кіру есігі болады. Ал «Западный» автовокзалы Алматы облысы Қарасай ауданының шекарасына салынады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық