Алматы мен Түркістанда ДАИШ пен Хизб-ут-Тахрир әл-Исламидің жақтастары ұсталды
Алматы мен Түркістанда терроризмді насихаттады деген күдікпен Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ және Хизб-ут-Тахрир әл-Ислами ұйымдарының ықтимал жақтастары ұсталды.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсы хабарлады.
«Алматы полиция департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің көмегімен лаңкестік идеяларды насихаттады деген күдіктіні ұстады. Ұсталған азаматтың Қазақстан Республикасында тыйым салынған «Хизб-ут-Тахрир әл-Ислами» діни-экстремистік ұйымының ізбасары екені атап өтілген. Сонымен қатар, Түркістанда облыстық полиция департаментінің қызметкерлері прокуратурамен келісе отырып, лаңкестік идеяларды насихаттады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады. Ер адам Қазақстанда сот шешімімен тыйым салынған ДАИШ халықаралық лаңкестік ұйымының идеологиясын ұстанушы» делінген хабарламада.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, екі күдіктінің де тұрғылықты жерінде жүргізілген тінту кезінде діни әдебиеттер мен басқа да заттай айғақтар тәркіленді.
ҚР Қылмыстық кодексі 256-бабының 1-бөлігі (терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария шақыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
«Тергеу барысында ұсталғандарға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды» делінген хабарламада.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық