Алматы мен Нұр-Сұлтанда митингілер өтіп жатыр
Бүгін қос қаланың белсенділері митингіге шығып, талаптарын айтуда.
Нұр-Сұлтандағы Ботаникалық бақ аумағына бірнеше ондаған адам жиналды. Олар осы араға тұрғын үй кешенін салу туралы шешімнің күшін жоюды талап етуде.
Vlast.kz хабарлағандай, белсенділер бастамашы топ құрып, қала әкімшілігін аталған құрылыс шешімі үшін сотқа бермекші. Митингке қатысушылар әкімдіктің шешімін заңсыз деп санайды.
Осы уақытта Алматы қаласында да да митинг өтіп жатыр. Жиналғандар барлық саяси партияларды тіркеуді, парламентті таратуды және жаңа сайлау жариялауды талап етуде.
«Ел тірегі» партиясының жетекшісі Нұржан Әлтаев Тоқаевтың наурыз айының ортасында жариялайтын саяси реформалары талаптарға сәйкес келмесе, олар мерзімсіз наразылық акциясын жариялап, шатыр тігетінін ескертті.
Сонымен қатар Алматыға жиналғандар қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды, барлық саяси тұтқындарды босатуды, азаптауды тоқтатуды талап етуде.
Оқиға орнына бірнеше автозак келіп, алғашқы тұтқынға алу әрекеттері болғаны белгілі болды.
Жаңалықтар
- Алматы көшесін «жасанды интеллектпен тазалай салған» қызметкер жұмыстан кетті
- Әл-Фарабидегі апат: Пактың «100 QR 02» жалған нөміріне қатысты іс тоқтатылды
- Алматыда жүргізуші бес адамды қағып, тағы бір көлікке соғылды
- Президент Берік Уәлиге «Абайға құрмет» акциясын лайықты деңгейде жүзеге асыруды тапсырды
- Дәрілерді бақылаусыз қолдану ұлттық қауіпсіздікке қатер: Антибиотик сату қатаңдайды
- Қызылорда облысындағы жұмбақ өлім: Құдықтан табылған 20 жастағы жігіттің өліміне оның 15 жастағы інісі күдікті болып шықты
- Талдықорғанда сарбаздың қазасына байланысты батальон командирінің орынбасары сотталды
- Мажарстанда жоғары лауазымды тұлғалардың жалақысы қысқарды
- Атышулы «Алтын Орда» базарындағы тексеру қорытындысы: Үстеме 85 пайыздан асып кеткен
- Атырау әкімінің орынбасары мен коммуналдық кәсіпорын басшысының орынбасары тергеуге ілікті
- «Нағыз апокалипсис»: Ақтөбе әр жаңбырдан кейін су астында қалады
- Сынған қабырғалары өкпесін тесіп өткен: 10 жасар бала кернеуі 6000 вольттық токқа түсті
- Үстіртте сирек кездесетін барыс фототұзаққа түсті
- Мұхтар Жәкішев шетелдік құдалықты сынағандарға жауап берді
- Алматыдағы Hilton қонақүйі жабылды: 170 қызметкер бір күнде жұмыссыз қалды
- Қашқадариядағы газ құю бекетіндегі жарылыс болып, алты адам тірідей жанып кетті
- Қытай ЖИ-ғалымдарын елден ешқайда шығармайтын болды
- Еліміздегі «Aманат» пен «Әділет» партиялары біріге ме?
- Алматыда гимназияның үздік оқушысы соңғы қоңырау алдында өзіне қол жұмсады
- Трамп Нетаньяхуға Иранмен соғыста жалғыз қалатынын ескертті