Алматы мектептеріне қоқан-лоққы бар анонимді хат жолданды

cover

Алматы мектептерінің бірінің директоры бірнеше мектепке қоқан-лоққы хат жіберілгені туралы хабарлады.

«Бүгін таңертең сабақ басталғалы мектепке, бізге қорқытқан анонимді хат келді. Дәл осындай хат Алматының көптеген мектептеріне жолданды. Дереу полицияға хабарланып, оқушылар мен қызметкерлер эвакуацияланды, ал мектеп аумағын полиция қызметкерлері тексерді» делінген хабарламада.

Тексеруден кейін сабақтар қайта басталғаны айтылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар