Алматы маңында ресейлік зауыттар салынады – облыс әкімдігі
Алматы облысы Талғар ауданында ресейлік трансұлттық «Технониколь» корпорациясы жалпы құны 44 миллиард теңгені құрайтын екі зауыт құрылысын ағымдағы жылдың сәуір айында бастауды жоспарлап отыр.
«Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев «Технониколь» трансұлттық корпорациясының өкілдерімен кездесіп, энергия үнемдейтін жылу изоляциялық материалдарды өндіретін екі зауыттың құрылыс жобасына инфрақұрылымдық қолдау көрсету мәселелерін талқылады. Құрылыс жұмыстарының басталу уақыты ағымдағы жылдың сәуір айына жоспарланған, шамамен 44 миллиард теңге инвестиция тартылып, 200 жұмыс орыны пайда болады», - деп хабарлады Алматы облысының баспасөз қызметі.
Қанат Бозымбаев ресейлік зауыттар облыстың әл-ауқатын арттырып, жұмыс орындарын көбейтуге және экономиканы нығайтуға жұмыс істейтінін айтты. Жаңа зауыттар Алматы облысының Талғар ауданында орналасады деп жоспарланып отыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық