Алматы мәслихаты депутаттарына COVID-19-қа қарсы вакцина егілді
Алматы қаласы мәслихатының депутаттары алғашқылардың бірі болып Sputnik V вакцинасын алды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Екпе жұмыстары №5 қалалық емханада өтті. Депутаттар алдын-ала тексеруден өтті. Процедура аяқталғаннан кейін олар 30 минут дәрігерлік бақылауда болды.

«Мен пандемия кезінде коронавирус жұқтыру қаупі вакцинадан болатын қауіптен әлдеқайда жоғары деп санаймын. Біз адамдармен тығыз жұмыс жасаймыз, сондықтан вакцинация өте маңызды. ДДСҰ-ның бағалауы бойынша, пандемияны тоқтату және адамдардың өмірін сақтау тек жаппай егілудің арқасында мүмкін болады», - деді Станислав Канкуров, Алматы қалалық мәслихатының хатшысы.
Депутат Әсия Ақанованың айтуынша, тек жаппай вакцинация коронавирустың таралуына қарсы тұруға қабілетті.

«Дәрігер ретінде мен иммундау аурудың көрсеткішін бірнеше есеге төмендететінін түсінемін, біз мұны білуіміз керек. Бүгін мен және менің әріптестерім біздің тұрғындарымыздың қауіпсіздігі өте маңызды екенін көрсеткіміз келеді. Бұл вирусты жеңудің жалғыз жолы», - деді ол.
Еске салсақ, 2021 жылы 1 ақпанда елімізде жаппай вакцинация науқаны басталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық