Алматы құтқарушылары тауға баратын жолдарға блокпост қойды
Сурет ашық дереккөзден
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті жауын-шашынның көп болуына байланысты оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарына үндеу тастап, тауға бартын жолдарға блокпостар қойды деп хабарлайды Orda.kz.
Алматы Төтенше жағдайлар департаменті мен «Қазселденқұтқару» мекемесі Қазгидрометтің 30 желтоқсандағы дауылды ескертуіне сүйене отырып, 30-31 желтоқсанда Үлкен Алматы және Кіші Алматы өзендері бассейндеріндегі жауын-шашын мен қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты қар көшкіні болуы мүмкін екенін хабарлайды.
«Тауда жаяу серуендеуден бас тартқан дұрыс. Қар көшкіні аяқ астынан болуы мүмкін болғандықтан, қар басқан беткейлерге шықпау сұралады» деп хабарлады мекеме.
Сондай-ақ Аюсай бөгетінен 500 м биіктікте, Эдельвейс қар көшкінін қабылдау пунктінде бақылау-өткізу пункттері қойылды.
«Жаңа жылдық мерекелерде болуы мүмкін қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін азаматтарды тауға шығудан бас тартуды және 112 қызметінің SMS хабарламаларын, БАҚ: теледидар, радиодағы ақпаратты назардан тыс қалдырмауларын сұраймыз» деп хабарлады Алматы қаласы ТЖД департаменті.
Сондай-ақ, жауын-шашын туралы дауылды ескерту негізінде көлік иелеріне көліктерін ағаштардың, электр желілерінің және басқа да әлсіз, күшейтілмеген аспалы құрылыстардың астына қоймауға кеңес беріледі.
Бұған дейін Алматы қалалық инфрақұрылымды дамыту басқармасы қар жауғаннан кейін атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп берген болатын.
Жаңалықтар
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді
- Аида Балаева: Грант алу үшін ҰБТ-ны екінші рет тапсыру мүмкіндігі болмайды
- Бірден 22 жол апаты: Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алу емтиханын қалай тапсырып жүр?
- Тоқаев дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталиядағы NEST конгресс орталығына келді
- Кәсіпкерді сан соқтырған: 10 жылдан аса іздеуде жүрген ер адам Германиядан экстрадицияланды
- Сұлулық жауһары: Шолпының қандай түрлері бар?
- Бішкекте жалаңаш ер адам балаларды қуалаған
- Алматы облысында алаяқтың арбауына түскен әйел көмектеспек болған полицейлерден қашты
- Атырауда зираттан қару мен оқ-дәрілер табылды
- Құлжа күре жолында бірден бес көлік соқтығысты
- Индонезияда тікұшақ апаты: Борттағы барлық адам опат болды
- Семейде қосымша нәпақа табам деп жұмыс істеп жүрген студент қолынан айырылды
- Қарағанды облысында жол апатынан екі мотоцикл жүргізушісі қаза тапты
- Алматыда қар көшкіні мен тас құлау қаупі: ТЖД ескерту жасады