Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев АН-26 ұшағы құлаған жерге барды
Қала әкімі Twitter-аккаунтында жағдайды бақылауда ұстап отырғанын хабарлады. Б. Сағынтаев ұшақ апатынан зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетуді тапсырды.
— АН-26 әскери ұшағы құлаған жерге бардым. Тиісті қызмет өкілдеріне болған оқиғаның салдарын жоюды тапсырдым. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде, деп жазды Б. Сағынтаев.
Бүгін, 13 наурызда Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында келе жатқан АН-26 әскери ұшағы сағат 17:22-де радардан жоғалып, қала әуежайына шұғыл қонды. Ұшақта болған адамдардың төртеуі қаза тапты, екеуі түрлі жарақаттармен Алматы қаласының 4-ші қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді.
Қайтыс болған әскерилердің аты-жөндері: аға лейтенант Баймұратов Досжан - 43 жас, сержант Васильков Евгений - 34 жас, лейтенант Сағынбаев Мұхтар - 26 жас, майор Барлықбаев Ғабит - 34 жас.
Аман қалған әскерилер: 1987 жылы туған Аширов Артем мен 1996 жылы туған Бақыт Есләм. Медицина қызметкерлері ауыр жарақатпен түсен екі әсеридің өмірін сақтап қалу үшін бар мүмкіндікті жасауда.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық