Алматының жаңа әкімі қаңтар оқиғасы құрбандарын еске алды
Алматы қаласының жаңа әкімі Ерболат Досаев оңтүстік астанадағы мешіттердің бірінде қаңтар оқиғасы құрбандарын еске алып, дұға жасады.
Қайғылы қаңтар оқиғасына 40 күн өтті және қазақстандықтар тәртіпсіздіктер мен лаңкестік әрекеттер кезінде қаза тапқан жерлестерін еске алуда.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы «Хазірет Сұлтан» мешітінде қаза болғандарды еске алу рәсіміне қатысқандығын хабарлаған болатынбыз.
«Бүгін таңғы сағат 8-де Алатаудың басын мұнар, бауырын өрт шалған осы қасіретті оқиғаның Қырық күндігіне байланысты Алматы қаласындағы Орталық мешітте әруақтарға бағыштап Құран оқылып, елдің ертеңі үшін тілек тілеп, Жаратқанға салауат айтылыпты.
Шаһардың жаңа басшысы Ерболат Досаев Қырық күндікке арнап әруақтардың рухына Құран бағыштап, тірілердің тіршілігі үшін құрбан шалыпты, ниет қабыл болсын!
Сұраған тілектер мен көтерілген білектерге ел Ағалары, көрнекті тұлғалар - Нұрлан Оразалин, Смағұл Елубай, Рахман Алшанов бата беріпті. Әлгінде Алматыдағы ардақты ағамыз Нұрлан Мырқасымұлына хабарласып, амандасқанда осындай имандылықтың ізгі амалдары жасалғанын айтты. «Құдайсыз қурай сынбайды» дейді. Қиын уақытта қала басшылығына келген Азаматтың елге көңіл-қош білдіріп, аруақтарға тағзым жасағаны ғой» деп жазды Жанарбек Әшімжан өзінің фейсбук парақшасында.
5 қаңтарда Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер болды. Қалалық полицияның мәліметінше, бұл оқиғалар кезінде 149 адам қаза тапқан, оның 11-і тәртіп сақшылары.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық