Алматы әкімдігінде «автобустар зиратына» қатысты жағдай түсіндірілді
Алматы әкімдігі мегаполис тұрғындары «автобустар зираты» деп атап кеткен тұрақта орналасқан жұмыс істемейтін қоғамдық көліктердің жағдайына қатысты пікір білдірді.
Бұл сауалды мәслихаттың кезектен тыс VII сессиясында депутат Тимур Елеусізов қойды. Тоқтап тұрған автобустарды жөндемей, жаңа қоғамдық көлік сатып алудың қажеті қанша деген сұрақ қойды депутат.
«Қазір біз 600 автобус пен 100 троллейбус бөліп жатырмыз. Ал, әлеуметтік желілерде «автобустар зиратына» қатысты сұрақ жиі көтеріледі. Неліктен бізде 600 автобус жұмыс істемейді? Неліктен қосалқы бөлшектер сатып алынбайды, автобустар жөнделмейді?»деп сұрады депутат.
Қалалық ұтқырлық бөлімінің басшысы Сағындық Телібаев қазір бұл тұрақта 823 автобус барын, оның 651 данасын бұрын сенімгерлік басқару негізінде «Green Bus» ЖШС жүргізгенін түсіндірді.
«Бұл автобустар 2010-2013 жылдары шығарылған. Қатты тозып кеткендіктен қалпына келтіру мүмкін емес. Ал қалған 157 автобусты Алматы облысының балансына өткіздік»деп түсіндірді ол.
Телібаевтың айтуынша, тұрақта 15 он сегіз метрлік LiAZ жүк көлігі сақтаулы тұр. Оларға қосалқы бөлшектер сатып алынады, жөндеу жұмыстары биылғы жылға жоспарланған.
Ал, Алматыда қоғамдық көліктерде жол жүру ақысы қымбаттады. Оңай картасымен төлегенде автобуспен жүру 100 теңге, қолма-қол 200 теңге болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық