Алматы әкімдігі: Таугүлдегі колледж құрылысы стадион аумағына әсер етпейді
Тұрғындар наразылығынан кейін Таугүл ықшамауданындағы №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжін кеңейту құрылысы жобасына түзету енгізу туралы шешім қабылданды.
Бұл туралы Orda.kz. хабарлады.
Алматы қаласы Білім және жайлы қалалық орта басқармасы стадионның қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылық білдірген тұрғындардың пікірін ескере отырып, мамандармен және тұрғындармен бірқатар кеңестер мен кездесулер өткізілгенін жеткізді.
— Педагогикалық колледждің әлеуетін шұғыл кеңейту қажеттілігін, сондай-ақ жақын маңдағы тұрғындардың мүдделерін ескере отырып, келесі шешім ұсынылды: колледж аумағында жаңа ғимарат құрылысы қолданыстағы стадион аумағына әсер етпейтін болады, - делінген министрліктің хабарламасында.
Басқарма қала тұрғындары үшін демалыс пен пайдалы уақыт өткізуге қолайлы жағдайлар жасау үшін стадион аумағы ретке келтіріледі деп сендірді.
— Абаттандыру жобасы қала тұрғындарының пікірін ескере отырып әзірленеді. Тұрғындардың стадион аумағына кіруі ақысыз күйінде қалады, - деп толықтырды баспасөз қызметі.
Еске салсақ, Алматыдағы Таугүл шағынауданының тұрғындары №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжіне қосымша ғимараттың салынуына қарсылық білдірген болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық