Алматы әкімдігі Тәуелсіздік күніне орай отшашуға 10 миллион теңге жұмсады

cover Фото ©REUTERS

Алматы қаласының мәдениет басқармасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 16 желтоқсанға мерекелік отшашуды ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізді. Ертең 11 186 отшашумен пиротехникалық шоу болмақ.

Бір көзден өткізілген тендер «Жарылыс және К» ЖШС-не өтті. Жеткізуші рұқсат етілген іске қосу жабдығын пайдалануы керек. Қуат кабельдері, сигнал беруге арналған кабельдер арнайы кабельдік жолдарда жасырылуы керек. Жеткізуші пиротехникалық бұйымдарды құрастыруды және бөлшектеуді жүзеге асырады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар