Алматы қаласының қоғамдық көліктері неге кестеден қалып жатыр?
11 қазан күні Алматы қаласындағы аялдамалардың бірінде қоғамдық көлік күткен адамдардың жиналып тұрған видеосы желіде тарады. Желі қолданушылары аталған оқиғаға наразы пікір білдіріп кінәлі тарапты іздеп жатты.
Бірі дизель отынының жоқтығын, енді бірі көліктердің уақтылы жүрмеуін алға тартты. Қоғамдық көліктерге дизель отыны жеткілікті ме? Адамдардың аялдамада ұзақ тұруына не себеп?
Orda.kz журналисі қаладағы адамдар көп жиналатын аялдамаларды аралап, мәсенің анық-қанығын біліп қайтты.
Алматы әкімдігі берген ақпаратқа сәйкес, әлеуметтік желілердегі видеода Райымбек даңғылы мен Әшімов көшесінің қиылысы, Қалқаман шағынауданындағы «7 қалалық аурухана» аялдамасы. Аялдамаға 18 қоғамдық көлік тоқтайды: №11, 14, 15, 16, 23, 26, 27, 31, 47, 67, 78, 95, 102, 112, 115, 118, 128, 202. Күнделікті 263 автобус өз кезегімен шығады екен.
«Ең қарбалас уақытта көліктердің қозғалыс кестесінің бұзылуы жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болады. Орталық диспетчерлік қызмет көлік кестеден ауытқыған кезде тасымалдаушыға хабар беріп, шара қабылдайды. Күнделікті кесте бойынша қозғалысты қадағалайды» делінген әкімдік хабарламасында.
Orda.kz журналистері жағдайды тексеру мақсатында Алматы көшелеріне шықты.

фото Orda.kz 
фото Orda.kz
Назарбаев және Бектұров көшелерінің қиылысындағы аялдамада адамдар аз. Автобустар уақытымен келуде. Ешқандай жетіспеушілік байқалмайды.

фото Orda.kz 
фото Orda.kz
Екінші локация – Атакент іскерлік ынтымақтастық орталығы. Бұл жақта адам көп болғанымен қоғамдық көлік желілерінің көптігінен жолаушылар легі әрдайым өзгеріп отырады. Жолаушыларды тасымалдау бойынша ешқандай кедергі жоқ.

Үшінші аялдама – Саяхат автовокзалының маңы. Бұл жердегі жолаушылардың көбісі қала сыртына қатынайтын қоғамдық көліктерді күтуде.
Қоғамдық көліктерге дизель жанармайының жетіспеуі туралы ақпаратты бірнеше жүргізушілер мен автотұрақтардан сұрап көрдік. Олардың айтуларынша, ешқандай жетіспеушілік жоқ, барлығы өз уақытымен жұмысқа шығып жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық