Алматы әкімдігі 1,47 млрд теңгеге крематорий салғызып жатыр
Крематорий пеші. Көрнекі сурет
Алматы әкімдігі биыл қалада крематорий салғызбақ. Осыған орай 2020 жылы Алматы қаласының жайлы орта басқармасы тендер өткізген, оны «Mega Build Kazakhstan» компаниясы ұтып алған. ORDA. тілшісі әкімдік тапсырысы бойынша салынғалы жатқан «Крематорийге қанша қаржы жұмсалады?», «Оны салатын қандай компания?» деген сұрақтардың жауабын іздеп көрді.
Құрылысы басталған крематорий құны 1,47 млрд теңге
Мемлекеттік сатып алу сайтындағы дерекке сәйкес, «Mega Build Kazakhstan» ЖШС крематорий салу үшін өткізілген тендерді 2020 жылдың желтоқсанында ұтып алған. Тендердің құны - 1,47 млрд теңге. Тапсырыс беруші Алматы қаласының жайлы орта басқармасы. Қос тарап жасасқан шартқа сай, крематорий құрылысы 2021 жылдың 21 қыркүйегінде аяқталуға тиіс. Бір айта кетерлігі, сатып алу бір көзден, яғни тікелей шарт жасасу арқылы жүзеге асырылған.
«Mega Build Kazakhstan» компаниясының ресми сайты крематорий құрылысы басталғанын хабарлап, бірнеше фото жариялаған.

Компания сайтының мәліметінше, крематорий Алматы қаласы Алатау ауданы Мөңке би (бұрынғы Ақын Сара) көшесінің солтүстігінде салынып жатыр. Құрылыс сипаттамасында крематорийдің бір залы мен екі пеші болатыны көрсетілген.
«Mega Build Kazakhstan» қандай компания?
Uchet.kz сайтының мәліметінше, Алматыда крематорий салып жатқан «Mega Build Kazakhstan» компаниясының құрылтайшысы Александр Смолкин. Бұл компания құрылыс нысандарын салумен және арнайы техникаларды жалға берумен айналысады.
Компания сайтындағы дерек бойынша, «Mega Build Kazakhstan» мердігер ретінде осы уақытқа дейін бірнеше элиталық тұрғын үй кешенін, «Tamos Education» оқу орталығын, сондай-ақ Азия газ құбырын және «Жетіген-Қорғас» теміржол желісін салуға қатысқан. Компания 2010 жылдан бері салық төлеп келеді. Ең көп салықты (71,2 млн теңге) былтыр төлеген.
Мемлекеттік сатып алу сайтындағы мәліметке қарағанда, компания бұған дейін де Алматы қаласының жайлы орта басқармасы өткізген тендерге қатысып, жеңіп шыққан. Мәселен былтыр бұл компания жоғарыда аталған басқармадан 64,2 миллион теңге тендер ұтқан.
Керематорий салғызуға тапсырыс берген Алматы қаласының жайлы орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев 18 қаңтарда коронавирус жұққандарды емдейтін модульдік инфекциялық аурухана құрылысына бөлінген 3,9 миллиард теңге (9,3 млн доллар) қаражатты жымқырды деген күдікке ілінген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің мәліметінше, оған "сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу" бабы бойынша іс қозғалып жатыр.
Сапар Нұрашев Алматы қаласының жайлы орта басқармасының жетекшісі қызметіне 2020 жылы маусым айында тағайындалған.
Кеңес дәуірінен бері жалғасып келе жатқан крематорий жыры
Қазақстанның ешбір өңірінде крематорий жоқ. Алматыда крематорий салу-салмау туралы дау кеңес кезінен бері жалғасып келе жатыр. Осы мәселе көтерілген сайын қала тұрғындарының пікірі екіге жарылады. «Өлген адамды өртеу жат ғұрып» деп есептейтіндер қалада крематорий салуға қарсы, ал «өлген адамдарды жерлейтін қорымдар жетіспейді» дейтіндер «крематорий салатын уақыт жетті» деген пікірде.
Алматы әкімдігі 2003 жылы кремация жабдықтарын жеткізетін чехиялық компаниядан екі өртеу пешін алуға келісіп, сол жылы бюджеттен крематорий салуға қаражат қарастырған. Бірақ жоба кейінге қалдырылды.

Кейін, 2012 жылы Алматы әкімдігі бұл мәселені тағы бір рет көтеріп, қалада крематорий құрылысын бастамақшы болған. Алайда қаладағы ислам дінін ұстанатын тұрғындар мәйітті өртеуге қарсы шықты. Осыдан кейін Алматы құрылыс басқармасы крематорий ешқашан салынбайтынын мәлімдеген еді.
Дегенмен 2014 жылы қала әкімдігі крематорий салу бастамасын қайта көтеріп, құны 600 миллион теңге тұратын жоба дайындатқан. Бірақ сол кезде де жоба тоқтап қалған.
Алматыда салынып жатқан крематорий Қазақстандағы мәйт өртейтін жалғыз арнайы орын болмауы мүмкін. Өйткені Нұр-Сұлтан қаласында да зираты бар крематорий салынғалы жатыр. Бұл туралы Kursiv.kz іскерлік сайты жазды. Сайттың мәліметінше, ел астанасындағы крематорийді салуға бюджеттен 1,74 млрд теңге қаржы қарастырылып отыр. Оны қандай компания салатыны әзірге белгісіз.
Жаңалықтар
- Астанадағы LRT жүйесінің екінші желісі Қосшыға дейін тартылады
- Президенттің «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру» туралы жаңа Жарлығы күшіне енді
- Президент Astana LRT жұмысын іске қосты
- Африкада Эбола вирусы өршіп, 80 адам қаза болды
- Си Цзиньпиннің шақыруымен Владимир Путин 19–20 мамыр күндері Қытайға ресми сапармен барады
- Қазақстанда Түріктің барлау жүргізіп, соққы жасайтын «ANKA» дрондары жасалады
- Трамптың Қытайға сапары «мұзды жібіту» әрекеті деп бағаланды
- Израиль мен Ливан өзара бітімді 45 күнге ұзартты
- Кәмелетке толмаған төрт жасөспірім терроризм туралы жалған хабарлама үшін ұсталды
- АҚШ Иранның қақтығысты реттеу жөніндегі 14 тармақты жоспарын қабылдамады
- «Өтелмеген парыз»: Қазақстанның Ауғанстанға көрсеткен гуманитарлық көмегі туралы фильм жұртты толқытты
- Тоқаев: Жасанды интеллект пен цифрландыру үдерісі түркі әлемінің дамуына жол ашады
- Бекіре-2026: Жайық–Каспий аумағынан 7 тоннадан астам балық заңсыз ауланған
- «Әке, байқашы…»: Алматы-Жаркент тас жолында 13 жастағы баланы мерт қылған жүргізуші бостандықта жүр
- Темір құрамын қолдан көтерген 190 миллиондық схема ашылды
- Ұшақтан 14 рет құлаған: Қазақтан шыққан алғашқы ұшқыш әйел Хиуаз Доспанова туралы не білеміз?
- Президент Түркістанда БҰҰ өкілін қабылдап, Өзбекстан сыйға тартқан жаңа мешітті аралады
- Қазақстандық банк жүйелерін балағаттаған ресейлік қамауға алынды
- Forbes жариялаған Қазақстандағы 44 жасқа дейінгі ең бай сегіз бизнесмен кім?
- Халық Кеңесі құрамына кімдер кіре алады?