Алматы кәуапханаларында экологиялық және санитарлық бұзушылықтар анықталды
Фото: Pixabay
Алматының Медеу ауданында төрт кәуапханада экологиялық және санитарлық бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеп Orda.kz.
«Алматының Медеу ауданында бірқатар кәуапханаларда экологиялық және санитарлық бұзушылықтар анықталды. Төрт нысанда бұзушылықтар анықталды, бір іс бойынша материалдар сотқа жіберілді. Айыппұл сомасы 1,2 млн. теңгеден асты» деп жазылған хабарламада.
Әкімдіктің мәліметінше, «Eco Almaty» ЖШС экологтары мен табиғат қорғау полициясы Қабанбай батыр 8 мекенжайындағы «Грузинский двор» дәмханасында және Қабанбай батыр 15 мекенжайындағы Modi дәмханасында қатты отын пайдаланылғанын тіркеді, оған тұрғындар түтін мен иіске түншығатындарына шағымданды. Иелеріне қатты отынға тыйым салу және газ жабдықтарында жұмыс істеу кезінде сүзгілер орнату қажеттігі туралы ескертілді.
«Айта кетейік, қалада қоғамдық тамақтану нысандары мен моншалар тұрақты тексеріледі. Бақылау тұрғын аудандарда шығарындыларды азайтуға және санитарлық нормаларды сақтауға бағытталған» деп түйіндеді әкімдік.
Қазан айының аяғында әкімдік «Ауа атмосферасын қорғау бойынша арнайы экологиялық талаптар енгізу туралы» жоба ұсынды. Құжат мегаполистің болашақ экосаясатына негіз болуы тиіс.
Маусым айында кәуап пісіретін істікпен құрдасын өлтірген түлек туралы жаңалық жұртты шулатқанын еске саламыз.
Жаңалықтар
- Украина астанасында Жамбыл Жабаевтың ескерткішін құлата ма?
- Шымкентте келіншекті өлтіріп, мәйітін қоқыс маңына тастаған жасөспірімге жаза мерзімі ұзарды
- Елді екеулеп басқарғыларыңыз келе ме? Қырғыз басшысына қойылған сұрақ
- Алматыда 8 жыл бойы заңсыз инвестициялық қызметпен айналысқан алаяқ қолға түсті
- Алматыда интернет арқылы есірткі сатумен айналысқан 11 адам ұсталды
- Дүниежүзілік банк Қазақстанға алты жыл бойы 1 млрд АҚШ долларына дейін қаржы бөлуге дайын
- Референдумның үгіт-насихат жұмыстары басталды
- 35 градусқа дейінгі аяз: Оқушылар қашықтан оқытуға көшірілді
- Қырғызстанда парламент спикері отставкаға кетті
- Мемлекет басшысы Канада премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
- 2027 жылы Астанада УЕФА-ның 51-құрылтайы өтеді
- ХОК шеттетілген украиналық скелетоншыға Олимпиадада қалуға рұқсат берді
- Threads-та жаңа функция пайда болады
- «Дулығасында соғыста қаза тапқан спортшылардың портреті бейнеленген»: Украиналық скелетоншы Олимпиададан шеттетілді
- Хасан Қасымбаевтың ісі бойынша апелляциялық сот отырысының шешімі шықты
- Қазақстан Қырғызстаннан жерді 49 жылға не үшін жалға алмақшы?
- Ресейде бірден бірнеше ірі платформалар бұғатталды
- Қазақстандықтар былтыр тоннадан аса алтын сатып алған
- Түркістанда көшенің қақ ортасында атыс болды
- Есепші бүтіндей мемлекеттік кәсіпорын ақшасын бәске тігіп жіберді