Алматы қаласында әйелдерге шеру өткізуге рұқсат берілді
Фото: Ашық дереккөзден
Алматы әкімдігі «Әйелдердің лайықты өмірі үшін» атты шеру өткізуге рұқсат берді, деп хабарлайды Orda.kz порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
19 ақпан күні Алматы қаласы әкімдігіне Б.К.Шералиева атты тұлғадан 7 наурызда сағат 12:00-ден 14:00-ге дейін Махатма Ганди атындағы саябақта «Әйелдің лайықты өмірі үшін» тақырыбында шеру өткізу туралы өтініш түскен.
«Хабарлама "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заң талаптарына сәйкес келеді. Заңға сәйкес Алматы қаласы әкімдігінің 21 ақпандағы № 1/101 қаулысымен Махатма Ганди атындағы саябақта 7 наурызда сағат 12:00-ден 14:00-ге дейін митинг өткізу келісілді» деп жазылған ведомство хабарламасында.
Тілге тиек етсек, Бибінұр Шералиева есімді белсенді тұлға әлеуметтік желіде митинг өткізілетінін хабарлаған еді. Ол әкімдік митингке рұқсат еткенін мәлімдеді.
«Сіздерді 7 наурыз күні сағат 12:00-де М.Ганди саябағында өтетін іс-шараға қатысуға шақырамын. Митинг барысында қоғамдағы әйелдердің өзекті мәселелері көтеріледі. Сонымен қатар, әйелдердің лайықты өмірі үшін қажетті талаптар айтылады» деп жазды ол.
Жаңалықтар
- Тоқаев Моңғолия президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
- БҚО-да тойға келгендер полиция бөлімінен бір-ақ шықты
- Алматыдағы Розыбакиев көшесіне Шаханов есімін беру ұсынылды
- 2027 жылы ҰБТ-ға балама тест болады
- Алматы жұртшылығы Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
- Тоқаев: Моңғолиямен ортақ тарих біріктіретін біртұтас тамырланған көшпелі өркениет ұрпағымыз
- Қазақстандағы екінші АЭС Мойынқұм деп аталады
- АҚШ пен Иран арасындағы кезекті келіссөз қашан өтеді?
- Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды
- Мексикадағы пирамида маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
- Иран билігі АҚШ-пен келісімге келу үшін делегация жіберді
- Тим Кук Apple компаниясының бас директоры қызметінен кетеді
- Мұхтар Шаханов қайда жерленетіні белгілі болды
- Залал 2 млрд теңге: Петропавлда көлік өтпежолын салуға бөлінген бюджет қаржысы жымқырылған
- Қазақтың біртуар өршіл ақыны Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
- Астанада төрт тонна қауіпті сұйықтық құйылған 200 канистр табылды
- Ақсу қаласында зауытта жұмысшы қаза тапты
- Меркеде шенеуніктер жетім студенттердің ақысын жеген
- Қазақстан мен Моңғолия геологиялық барлау, мұнай өндіру салаларына заманауи технология енгізу туралы келісті
- Моңғолия президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді