Алматы іргесіндегі Рахат Әлиевтің жездесінің құс фабрикасы мемлекет меншігіне қайтарылды
Қазақстан экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевтің туысына тиесілі құс фабрикасы мемлекет меншігіне қайтарылды. Мұндай шешімді Алматы облысы Талғар ауданының соты жергілікті прокуратураның талап-арызы бойынша шығарды.
Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасы хабарлады.
Оқиға Ливан тумасы Иссам Салах Хорани туралы болып отыр, оның бұрын 1998-2008 жылдар аралығында Қазақстан төлқұжаты болған, қазір Палестина азаматы. Ол American Investments Inc. америкалық корпорациясының президенті, сондай-ақ Рахат Әлиевтің әпкесі Гүлшат Хоранидің күйеуі. 2008 жылдан бері Хорани Швейцария мен Ливанда, сондай-ақ Қазақстанда жасаған бопсалау қылмыстары үшін Интерпол арқылы іздеуде болған.
Талғар ауданының прокуратурасы бұған дейін «Жалқамыс» құс фабрикасын жекешелендіруді жарамсыз деп тану және оны мемлекет меншігіне қайтару туралы талап-арыз түсірген болатын.
«Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Мирный ауылында (қазіргі Нұра ауылдық округі, Өстемір ауылы) 1968 жылы «Жалқамыс» құс фабрикасы құрылды, 1993 жылы КСРО ыдырағаннан кейін құс фабрикасы өз жұмысын тоқтатты. 1994 жылы 4 қаңтарда құс фабрикасы «Ақ-Қанат» акционерлік қоғамы болып қайта құрылды» делінген іс материалдарында.
1998 жылы Алматы аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті «Ақ-Қанат» АҚ (құс фабрикасы) акцияларының 90 пайызын «Әділет» агроөнеркәсіптік қаржы компаниясына берді. Соңғысы кәсіпорынның 24 миллион теңге көлеміндегі қарызын акцияларды берген күннен бастап алты ай ішінде өтеуге міндеттенді. Алайда Әділет 1 484 000 теңге ғана салған. 1999 жылы дәл осындай көлемдегі акциялардың мемлекеттік пакеті (90 пайыз) американдық American Investments Inc корпорациясына сыйға тартылды.
«1999 жылдың наурыз айында Талғар ауданы әкімдігі «Ақ-Қанат» АҚ-ның жалпы ауданы 665,4 гектар жерді құрайтын 4 жер учаскесін бес жылға американдық корпорацияның пайдасына жер пайдаланудан шығару туралы шешім қабылдады. Сол жылы алынған 665,4 гектар жердің 56 гектары «Алтын-Айдар» ЖШС-не берілді» деп құжаттарда көрсетілген.
Ал 2001 жылы Талғар ауданы әкімдігі American Investments Inc. «Алтын-Айдар» ЖШС пайдасына берілген. Бұл жерлер 6 жер учаскесіне бөлініп, 2002 жылы Талғар ауданының әкімдігі мен «Алтын-Айдар» ЖШС арасында 49 жылға тиісті жалға беру шарттары жасалған.
«Мұрағаттық мәліметтерге сәйкес, Алматы аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мен American Investments Inc. американдық корпорациясы арасында құс фабрикасын өтеусіз беру туралы келісім жасалмаған, өндірісті дамытуға инвестиция салу және өтеу бойынша бизнес-жоспар жасалмаған. кредиторлық берешегі әзірленбеген және уәкілетті органға ұсынылмаған. Құс фабрикасы 29 жылдан бері жұмыс істемейді, оның жағдайы өте ауыр, ауыл шаруашылығы техникалары мен көліктері ескірген, ғимараттарға ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Инвестиция салынбаған, салық берешегі бар.
Құс фабрикасының мүлкін иеліктен шығару фактісі дер кезінде анықталса, Алматы аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне мемлекеттік мүлікті мемлекет меншігіне қайтару шараларын қабылдау міндеттелетін еді. Бірақ бұл орындалмады, осыған байланысты прокурор талапты мемлекет мүддесіне шештіі», – деді прокурорлар сотта.
Сот іс материалдарын зерделеп, аудан прокуратурасының талап арызын қанағаттандырды. Сөйтіп, құс фабрикасы мен оның жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық