Алматы имамдары «Qurban-2021» акциясын өткізуде
Бүгін, Алматыда «QURBAN-2021» онлайн қайырымдылық акциясы аясында құрбан шалу рәсімі басталды. Қасиетті Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні Алматы қаласы имамдары ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы игі істі бастап берді.
Елімізде жарияланған карантин режиміне байланысты биылғы Құрбан шалу рәсімі де қашықтан ұйымдастырылып, осы бағытта qurban2021.kz сайты іске қосылды.
Қашықтан онлайн құрбандық шалуға ниет білдіріп, аталған сайт арқылы мал түрін таңдап, ақшасын аударған жандардың шалған құрбандықтары, сайт арқылы өтінім берген мұқтаж отбасыларға жеткізілуде.
Рәсім аясында Алматы қаласы бойынша әзірге 180 уақ мал (қой) құрбандыққа шалынып, 600-ден астам отбасыға құрбандық еттері үлестіріліп үлгерді.
Сондай-ақ, qurban2021.kz сайты арқылы құрбан шалуға тапсырыс берген жандарға құрбан шалу рәсімі барысынан видео есеп беріліп отырады.
Арнайы ұйымдастырылған жұмыс топтары мен Алматы мешіттерінің барлық қызметкерлері қауіпсіздік және сақтық шараларын сақтай отырып, Құрбан айт мерекесіне өз үлестерін қосады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық