Алматы халқы Талғат Мұсабаевты ақтық сапарға шығарып салды
Фото: Orda.kz
Бүгін Алматы халқы аты аңызға айналған қазақ ғарышкері, Қазақстанның Халық қаһарманы, мемлекет қайраткері Талғат Мұсабаевты ақтық сапарға шығарып салды. Ол 4 тамыз күні 75 жасында өмірден озды.
Orda.kz тілшілері қазақтың көк туын ғарышқа көтерген азаматтың жаназасына қатысып қайтты.
Жаназа Офицерлер үйінде ұйымдастырылды. Таңертең ерте ғимаратқа Мұсабаевтың мәйітін әкелген көлік (катафалк) келіп тоқтады. Марқұммен қоштасуға туған-туыстары, жақындары, әріптестері, достары, мемлекеттік орган өкілдері, қоғам қайраткерлері, журналистер мен белсенділер жиналды.
28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта ғарышқа үш мәрте сапарға аттанған, қазақ ғарыш ғылымының дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаға құрмет ретінде әскери жасақтар сап түзеп тұр.
Талғат Мұсабаев жайлы оның әріптесі, кеңестік және ресейлік ғарышкер Сергей Крикалёв сөз сөйледі. Ол Мұсабаевтың кәсіби шеберлігі мен сенімділігін ерекше атап өтіп, халықаралық ғарыш ынтымақтастығына қосқан үлесін жоғары бағалады.
Сонымен қатар мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды да Мұсабаевты шығарып салуға келді.
Талғат Мұсабаевтың ел есінде қандай естеліктері қалғанын тілшіміздің материалынан оқыңыз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық