Алматы: Дезинфекция жасаушылар мен жүргізушілер наразылығы
2020 жылдың 25 қарашасында Алматыда 40-қа жуық адам, коронавирусқа қарсы дезинфекция жасаушылар мен оларды таситын жүргізушілер, наразылыққа шықты. Олар екі апталық жалақысын ала алмауына «Қала жарығы» компаниясын кінәлі санайды. Оған жауапты мекеме «төлем жасауға уақытша қаржы жоқтығын» айтады.
Жүргізушілердің бірі Саят Тойбаев қаладан 100 шақырымдық жерден, Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылынан келіп, қатынайды. Күндік жалақысы-12 мың теңгені құрайды. Жұмысшылар жанармайға кететін ақша мен түскі астың ақшасын өз қалтасынан төлейді.
«Таңғы сегізден кешкі жетіге дейін көлікті өшірмейміз. Өйткені қазір күн суық. Дезинфекция жасап жүрген балалар тоңады. Сондықтан олар көлікке келіп жылынып алу үшін машинаны өшірмейміз. Сондықтан бензинді көп пайдаланамыз. Қазір қарызға кіретін жайымыз жоқ. Жұмысқа келіп-кетудін өзі қиындады. Несиелеріміз тағы бар», - дейді жүргізушісі.
Наразылық білдірушілердің айтуынша, қала әкімдігі жұмыс істеуді талап етеді, бірақ оған ешқандай жағдай жасамайды.
- Біріншіден, үй аулаларында тұрғындар «вирус таратушылар» деп тас атады.
- Екіншіден, бейнекамералардан айыппұлдар көп келеді. Себебі, қалада тегін тұрақтар жоқ. Соның салдарынан тыйым салынған жерге көліктерін қалдыруға мәжбүр.
Жұмысшылар «Қала жарығы» деп аталатын компаниямен келісімшартқа отырған, ал ол Алматы әкімдігімен қаржыландырылады.
«Қала жарығы» компаниясының директоры Мейіржан Тоқтарақын:
«Келісімшарт Алматы қалалық тұрғын үй саясаты басқармасымен жасалған. Қаланың бес ауданы бар. Жүргізушілер бар, дезинфекция жасайтыны бар - барлығы шамамен 400-дей адам жұмыс істейді. Осы күнге дейін дезинфекция жасап жатырмыз. Келісімшарт бойынша біз актілерді дайындап өткіземіз. Актілер өткізілгеннен кейін тұрғын үй саясаты басқармасы бір айдың ішінде қаржыны дайындап беруі керек. Өзіміздің ақшамыз таусылды. Төлейтін шамамыз жоқ. Актілерді өткіздік. Шамамен келесі аптаның ішінде ақша түседі», - дейді.
«Қала жарығы» компаниясының жұмысшылары жалақы төленбейінше, жұмысқа шықпайтындарын мәлімдеді.
Айта кетейік, осыған дейін Алматыда жедел жәрдем қызметкерлері уақытында жалақы ала алмағандықтары үшін шағымданған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық