Алматы барахолкасында жанжал шықты
Фото: Orda
Алматыда «Еуразия» сауда үйі саудагерлерінің жұмысы жартылай тоқтап қалды. Саудагерлердің айтуынша, базардың жаңа басшылығы олардан жалға алушы ретінде құжатқа қол қоюларын талап етуде.
Бұл туралы КТК хабарлайды.
Келіспегендерінің, сауда алаңдарын жауып, электр жарығын өшіріп тастады. Белгілі болғандай, базардың жаңа қожайындары орын ақысын төлеуден бас тартқан кәсіпкерлердің жұмыс істеуіне тиым салған.
Кәсіпкерлер өздерінің жалға алушы емес, бутиктердің толыққанды иелері екенін айтуда.10 жыл бұрын олар базардың құрылысына қаржы салған. Олар әрбір орын үшін базар басшылығына ақша төлегендерін айтады. Кейбірі сауда орнын сатып алу үшін бірнеше несие алған. Табыстарының жалғыз көзі осы кәсіп болғандықтан, орындарын алып қалудың бар амалын жасап, бүгінде шаш етектен қарызға батқан.
«Мен үйімді сатып жіберіп, қызымның үйіне көшіп келдім. Қарызды жабу үшін. Фабрикаға қарызбын, алған тауарлардың ақшасын бере алмай отырмын. Сондықтан үйімді сатып жіберіп, жарты қарызымды бердім. Мен, мысалға, бутиікті 85 мың долларға сатып алдым. Екінші бутикті 75 мың долларға сатып алдым»,- деп түсіндіреді кәсіпкер Айман Қасымова.
Маргарита Зубкова тоғыз жыл бұрын киім бутигін ашқан. Ол несие алып, ғимарат салу кезінде базар иесіне 135 мың доллар бергенін айтады. Бүгінгі бағаммен есептегенде, бұл 60 миллион теңге. Маргарита бұрынғы басшы сатқан клуб картасымен базардың шығындарын төлеп келген. Енді жаңа басшының келуімен әйел жалғыз табысымнан айырылып қаламын ба деп қорқады.
«Менде клуб картасы бар. Бізге оны 2015 жылы құрылыс аяқталған соң берген. Клуб картасында бутиктің иесі екендігім айдан-анық жазылған. Бутикті тартып алып, мүлдем басқа адамға қайта сатып жібере ме деп қорқамын. Табысымның жалғыз көзі осы болып тұр. Оған қоса ипотекам да бар. Балаларым мен немерелерімді асырау үшін бутикті де несиеге алғанмын»,- деді кәсіпкер Маргарита Зубкова.
Базар әкімшілігі барлық қателік бұрынғы басшылардан кеткенін айтуда. Олар орынды заңсыз салып, тіпті кәсіпкерлерді құжат жүзінде жалға алушылар ретінде тіркеген.
Сауда орталығында 128 орын жұмыс істейді. Бірақ кәсіпкерлердің әрқайсысының жеке меншік иесі екенін растайтын құжаттары жоқ.
«Саудагерлердің сөзінде негіз жоқ. Өйткені бізге дейінгі кәсіпкер арасында саудагерлермен келіспеушіліктер болған. Тіпті іс сотқа дейін барған. Соттың өзі саудагерлердің сөзін растамады, талаптарын жоққа шығарды. Ал біз, өз кезегімізде, кәсіпкерлерді жалға алушы ретінде тіркеп, олардан жалға алу ақысы мен коммуналдық төлемді талап етеміз. Бүгінге дейін төлемегендерін осылайша жауып тастап жатырмыз»,- деп түсіндіреді «Диви» ЖШС заң бөлімінің басшысы Қайсар Жамулдин.
Ұзақ келіссөздер еш нәтиже бермеді. Базар әкімшілігі өз дегенінен қайтпай, жеке меншік иелеріне жалдау шартын жасасуды ұсынады. Наразы сатушылар талаптармен келіспей, әлі де жұмыстарын бұрынғыша жалғастыратындарын айтуда.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық